
«Semey Transportation Systems» КММ қоғамдық көліктегі жол жүру тәртібінің сақталуын күн сайын бақылап келеді.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында қоғамдық көлікте билетсіз жүрген 5 909 жолаушы анықталды, оның ішінде 2 794 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Біздің басты мақсатымыз – айыппұл салу емес, қоғамдық көлікті пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Әрбір уақытылы төленген жол ақысы автобус паркін жаңартуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталады.

Құрметті Семей қаласының тұрғындары!
Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын уақытылы төлеп, қаламыздың көлік жүйесінің дамуына өз үлестеріңізді қосыңыздар.