«ЖАҒАЛАУ FEST – 2026» аясында жағажай волейболынан қалалық турнир өтті

«ЖАҒАЛАУ FEST – 2026» аясында жағажай волейболынан қалалық турнир өтті

«ЖАҒАЛАУ FEST – 2026» фестивалі аясында «Затон», «Заря» және «Пристань» жағажайларында ерлер және әйелдер командалары арасында жағажай волейболынан қалалық турнир өтті.

 

Турнир әр жағажайда жеке-жеке өткізілді:

  • ​«Заря» жағажайы: 6 ерлер және 6 әйелдер командасы;
  • ​«Пристань» жағажайы: 12 ерлер командасы және 8 әйелдер командасы;
  • ​«Затон» жағажайы: 6 ерлер командасы және 6 әйелдер командасы қатысты.

 

Жалпы жарысқа 44 команда қатысты. Спортшылар саны – 88.

 

​Әр жағажайда марапаттау рәсімі жеке-жеке ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктары, медальдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.