Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Семей қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Семей қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді

2026 жылғы 14 шілдеде Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне арналған:
«Құрылтай сайлауын әзірлеу мен өткізудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері: жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің міндеттері, жауапкершілігі және кәсіби құзыреттері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында «Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.А. Құрманғалиев баяндама жасап, сайлауды сапалы ұйымдастыру мен өткізудің негізгі кепілі – сайлау заңнамасының талаптарын бұлжытпай сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығы мен жауапкершілігі екенін атап өтті.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М.Ж. Жеңісов семинарға қатысушыларды Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер мен жаңашылдықтармен, сайлаушылар тізімдерін жасау тәртібімен таныстырып, сондай-ақ Құрылтай депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңіндегі негізгі іс-шаралар туралы ақпарат берді.
Оқыту семинарына жергілікті атқарушы органдардың сайлауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына тартылатын түрлі бөлімдер мен басқармаларынан 48 қызметкер қатысты.
Осындай оқыту іс-шаралары мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын арттыруға, сондай-ақ сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес, ашық және сапалы өткізуге ықпал етеді.