Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптары түсіндірілді

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптары түсіндірілді

Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Еркебулан Сериккалиулы Турсын Семей қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, лудоманияның алдын алу, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, іскерлік дресс-код талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

Еркебулан Сериккалиулы мемлекеттік қызметші әрдайым заңдылық, адалдық, кәсібилік және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алып, мемлекеттік қызметтің беделін жоғары ұстауы қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын қатаң сақтау, еңбек тәртібін нығайту, өздерінің кәсіби біліктілігін тұрақты жетілдіру және халықтың сенімін ақтау жолында адал қызмет ету қажеттігі жөнінде айтылды.