Қала әкімінің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

Қала әкімінің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Кеңеске қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, коммуналдық қызметтердің жетекшілері және қала әкімінің инспекторлары қатысты. Кеңес барысында Семей қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары, сондай-ақ 2026 жылдың І жартыжылдығында жер қатынастары саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындылары қаралды. Баяндамаларға сәйкес, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сай комиссияның екі отырысы ұйымдастырылды. Отырыстарда гендерлік теңдік пен гендерлік сауаттылықты арттыру, отбасы институтын нығайту және отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасының қоғамдағы мәртебесі мен рөлін арттыруға бағытталған мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды әлеуметтендіру, сондай-ақ Отбасын қолдау орталығының қызметі мен оның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, 2026 жылдың І жартыжылдығында жер қатынастары саласында барлығы 3889 мемлекеттік қызмет көрсетілгені атап өтілді. Қызметтердің уақытылы әрі сапалы ұсынылуы, азаматтардың өтініштерін қарау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.