
Семей қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен отбасыларына қолдау көрсету орталығында ел Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары салтанат түрде табысталды. Марапаттау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев қатысып, аналарды құттықтады
Жиын барысында 5 анаға «Алтын алқа», 22 анаға «Күміс алқа» табысталды.
Құрметті алтын құрсақты аналар!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз. Жүздеріңізден күлкі кетпесін!