Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Еркебулан Сериккалиулы Турсын мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлермен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесудің мақсаты – жаңадан қабылданған қызметкерлерді мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарымен, заңнама талаптарымен және қызметтік әдеп нормаларымен таныстыру.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттік қызметте болуға байланысты заңнамалық шектеулер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар лудоманияның алдын алу, мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі, сыртқы келбеті, еңбек және атқарушылық тәртіп, әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде сапалы қараудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысында Еркебулан Сериккалиулы мемлекеттік қызметкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіруге және халыққа адал әрі жауапкершілікпен қызмет етуге шақырды.