Семей қаласы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Семей қаласы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешімімен және Семей қаласы әкімінің өкімімен Тұрсын Еркебұлан Серікқалиұлы Семей қаласы әкімінің аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Еркебұлан Серікқалиұлы 1993 жылы Алматы облысы Қонаев қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжді «Шет тілі» мамандығы бойынша, 2016 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетті «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Шәкәрім атындағы университетте «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2022–2025 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантурада білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы «Сана» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінде төраға орынбасары қызметінен бастаған. Әр жылдары Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде және «Қайнар жоғары колледжі» ЖШС-де оқытушы, «Қазақстан жастарын қолдау» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Sarzhal Agro» ЖШС-нің директоры, Абай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының директоры қызметтерін атқарған.

2026 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін «Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде қала әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.