Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Әсер ету скринингін қарау туралы  хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабы 6-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) мынадай құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:

  • «Абай облысы Семей қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына түсіндірме жазба, ол негізгі бағыттары мен іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды
  • «Абай облысы Семей қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына аумақтың сипаттамасы және қоршаған ортаға ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Зеленый мост» ЖШС

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Абай облысы Семей қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты орган: Семей қаласының әкімдігі.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Қоғам өкілдерін (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз.

1) Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер мүмкін болса, бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неліктен елеулі деп санайсыз?

2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неліктен?

3) Құжатты іске асыру барысында скрининг материалдарында қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына елеулі ықтимал әсерлері туралы Сіз үшін маңызды барлық ақпарат қамтылған ба? Сізге қандай ақпарат қажетті болып табылды және неліктен?

4) Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты өзге де ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2026–2041 жылдар.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылдың 26 маусымына дейін (ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын соңғы күн – 2026 жылғы 26 маусым)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрлік Кеңсесінің электрондық мекенжайына жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz.

Құжаттарыңыздың Кеңсеге келіп түскенін міндетті түрде мына телефон арқылы нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44.

СЭБ материалдары:

Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

СЭБ материалдарымен сілтеме бойынша таныса аласыз  https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/documents/details/1024469?lang=kk