Семейде жылдам шахматтан қалалық турнир өтті

Семейде жылдам шахматтан қалалық турнир өтті

2026 жылғы 6-7 маусым аралығында Семей қаласында жылдам шахматтан қалалық турнир өтті.

Зияткерлік додаға 73 шахматшы қатысты.

Жарыс қорытындысы:

Ерлер арасында: I орын – Теміртасов Диас, II орын – Шералы Сұлтан, III орын – Мұратов Алдияр.

Қыздар арасында: I орын – Қалданова Ажар, II орын – Мусина Алина, III орын – Кәрімова Балжан.