Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, квазимемлекеттік сектор басшылары және мемлекеттік мекемелердің жауапты мамандары қатысты.

Отырыс барысында жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар қаралды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен өткізілетін түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі талқыланды. Қатысушылар осы бағыттағы өзекті мәселелерді көтеріп, профилактикалық шараларды күшейту және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысында тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.