
Семей қаласында 2025–2026 жылғы жылыту маусымы сәуір айында аяқталған еді. Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, жаз кезінде ыстық су берілді. Жылыту маусымына дайындық барысын тексеру мақсатында қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы бірқатар жылу нысандарын аралады.
Оның ішінде «Орталық», «РК-1» жылу қазандықтары және ЖЭО-1 нысанына барды. Бүгінде барлық нысанда келесі жылыту маусына дайындық және жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, негізгі жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталмақ.
«Жылу беру маусымына дайындық – аса маңызды міндет. Бұл жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуы қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір учаске мен нысан күнделікті бақылауда болады», – деді Әділет Нұрсағатұлы.
Қала әкімі тиісті бөлімдер мен коммуналдық қызмет басшыларына тиісті тапсырма беріп, жұмысты жеделдетуді тапсырды.