
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесуге қала әкімдігінің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері және «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері қатысты.
Азаматтар тарапынан аумақтарды абаттандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымы, жер және қоқысқа қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
Әр тұрғынның өтініштері бойынша түсіндірме беріліп, қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.