
Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы теміржол жиектерінің тазалығын тексерді.
Қала басшысы теміржол бойындағы аумақтарды бақылауда ұстап, жол жиегінде шашылып жатқан қоқыстарды дереу шығаруды тапсырды. Сонымен қатар, жауапты мекемелерге теміржол маңын тұрақты түрде тазалап, санитарлық талаптарды қатаң сақтауды міндеттеді.
Қала тазалығы — тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің кепілі екені айтылып, әрбір азаматты ортақ тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырды.