
Еңбек жолын 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қызыл Жұлдыз ауылындағы С. Тұрсабеков атындағы орта мектепте бас бухгалтер болып бастады. Кейін Науалы ауылындағы Науалы орта мектебінде бас бухгалтер қызметін атқарды.
2006 жылдан бастап Үржар ауданының қаржы бөлімінде еңбек етіп, жетекші маманның міндетін атқарушы, жетекші маман, кейін бас маман лауазымдарында жұмыс істеді.
2015 жылы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде қаржы саласы бойынша сектор меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Сол жылы Егінсу ауылдық округінің әкімі болып тағайындалып, 2019 жылға дейін қызмет атқарды.
2019 жылы Үржар ауданы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеп, кейін аудан әкімінің аппарат басшысы қызметіне бекітілді. 2022 жылдан бастап Абай облысы құрылғаннан кейін Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін жалғастырды.
2024 жылы Абай облысы Үржар ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың мамыр айына дейін Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылғы мамырдан Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.