
2026 жылдың 17-22 мамыр күндері аралығында Семей қаласында Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халық спорты ойындары өтті.
10 спорт түрінен өткен спорттық іс-шараға облыстың 10 ауданы мен 2 қаласынан жиналған құрама командалары қатысты.
Семей қаласының құрама командасы 245 ұпай жинап, жалпы командалық есепте жүлделі I орынды иеленді.
Спорт түрлері бойынша Семей қаласының құрама командаларының нәтижелері:
Волейбол ерлер, волейбол әйелдер, қазақ күресі, баскетбол 3х3 (ерлер және әйелдер), үстел теннисі, шахмат, қол күрес, гір көтеру спорты түрлерінен – командалық I орын.
Футзал және асық атудан ерлер – командалық II орын.
Тоғызқұмалақ және асық атудан әйелдер – командалық III орын.