Мәдениет саласының мамандары марапатталды

Мәдениет саласының мамандары марапатталды

Семей қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандарына құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы қатысып, мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Әкім өз сөзінде олардың қоғамдағы ерекше рөліне тоқтала өтті.

«Қаламыздағы мәдениет мекемелерінде бүгінде 54 үйірме бірлестігі мен шығармашылық ұжымдардың тұрақты жұмыс істеуі – рухани өміріміздің жанданып, өнерге деген қызығушылықтың артып келе жатқанының айқын көрінісі. Бұл – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, өнер мен мәдениетке баулудағы үлкен еңбек пен қажырлы ізденістің нәтижесі. Қасиетті Семей өңірі – ұлт руханиятының алтын бесігі. Бұл киелі мекеннен қазақтың маңдайына біткен талай ұлы тұлғалар, ақын-жазушылар, әнші-күйшілер мен өнер майталмандары шыққан. Хәкім Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің ізі қалған қасиетті топырақта мәдениет пен өнердің шамшырағын жағып жүрген сіздердің еңбектеріңіз қашанда зор құрметке лайық!», - деді Әділет Нұрсағатұлы.

Мерекелік шара барысында түрлі номинациялар бойынша үздік атанған қызметкерлер мен шығармашылық ұжымдарға арнайы марапаттар табысталды. Атап айтқанда:

1. «Үздік оператор» – Мұрат Санақұлы Әбеуов;

2. «Үздік топ» – «Семсер» тобы;

3. «Үздік музыкалық ұжым» – «Әйкерім» вокалды-инструменталды ансамблі. Жетекшісі – Нурлан Мухтарханович Тутунов;

4. «Үздік әнші» – Алуа Егінтайқызы;

5. «Салаға сіңірген көпжылдық еңбегі үшін» – Қайрат Қайролланұлы Садуов;

6. «Үздік би тобы» – халықтық «Айнхайт» би тобы. Жетекшісі – Марина Владимировна Ляпина;

7. «Өнерлі жұп» – Серікбол Аймұхаметұлы Сейілханов пен Ақбота Қанатқызы Қабдолова;

8. «Үздік жүргізуші» – Айбек Анықболұлы Жалелов;

9. «Үздік ансамбль» – «Семей тау» этно-фольклорлық ансамблі. Жетекшісі – Гүлмира Рахымбекқызы Ноғайбаева;

10. «Үздік әдіскер» – Асель Советхановна Муктарханова;

11. «Үздік концерт менеджері» – Гүлдана Қуанышқызы Берікханова;

12. «Үздік ұйымдастырушы» – Еркебұлан Серікқалиұлы Енкебаев;

13. «Үздік кітапханашы» – Салимжанов Бауыржан Ермекұлы және Сейлова Гүлжан Манарбекқызы;

14. «Үздік клуб қызметкері» – Хасенова Әсем Ыдырысқызы және Алимханова Асия Мырзатаевна;

15. «Үздік оператор» – Ығыбасов Наурыз Мұқтарбекұлы;

Мерекелік кеш арнайы концерттік бағдарламамен жалғасып, еркін форматта өтті.