Семейде Жеңіс күніне арналған волейболдан қалалық чемпионат өтті

Семейде Жеңіс күніне арналған волейболдан қалалық чемпионат өтті

Семей қаласында 2026 жылғы 8-13 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай қыздар арасында волейболдан қалалық чемпионат өтті.

Спорттық шараға 2010-2011, 2012-2013 және 2014-2015 жылдары туған мектеп оқушыларынан құралған 47 команда, 500-ден астам жас спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:

2010-2011 жылғы туғандар арасында 1-орынды Су және ойын спорт түрлері бойынша БЖСМ, 2-орынды №22 ЖОББМ, 3-орынды №26 ЖОББМ алды.

2012-2013 жылғы туғандар арасында 1-орынды Су және ойын спорт түрлері бойынша БЖСМ-1, 2-орынды БЖСМ-2, 3-орынды №22 ЖОББМ алды.

2014-2015 жылғы туғандар арасында 1-орынды №51 ЖОББМ, 2-орынды «Воллей Семей» командасы, 3-орынды №19 ЖОББМ алды.