Семейде Жеңіс күніне арналған қол күрестен ашық чемпионат өтті

Семейде Жеңіс күніне арналған қол күрестен ашық чемпионат өтті

2026 жылдың 10-11 мамыр күндер аралығында Семей қаласында, «Жаңа көпір» астындағы спорттық кеңістікте Жеңіс күніне арналған қол күрестен қалалық ашық чемпионат өтті.

Спорттық іс-шараға ерлер, әйелдер, сондай-ақ 2008 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында өтті.

Жарысқа 10 команда, 107 спортшы қатысты.