
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның 10-сынып оқушыларының қатысуымен Түркі, Славян жазбалары күндерін мерекелеу аясында «Ғасырларды өткерген сөз» атты таным сағаты өтті.
Іс-шара басында кітапхана қызметкері мерекенің тарихы туралы ақпараттан бастап, мультимедиялық тұсаукесер көрсетті. Арнайы назар түркі халықтарының рухани мұрасына аударылды, оның ішінде Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, сақ дәуірінің жәдігерлері, Махмұд Қашғари шығармасы «Диуани лұғат ат-түрк», сондай-ақ Қорқыт ата мұрасы көрсетілді. Бұл деректер түркі халықтарының тарихы, мәдениеті мен дүниетанымы жөніндегі ең маңызды куәліктер ретінде ерекше бағаланатыны атап өтілді.
Сонымен қатар тас жазбалар ежелгі жетістік болып, халықтың тілін және тарихи естелігін сақтап қалуға мүмкіндік бергені, өркениеттің дамуы жазудың пайда болуымен тығыз байланысты екені көрсетілді. Сондай-ақ, қазақ тілі Қыпшақ тармағына жататын түркі тілдерінің бірі болып, ежелгі түркілік тамырларға ие екені баса айтылды.
Іс-шара «Көне жазуды таны» атты ойынмен жалғасты. Қатысушыларға көне түркі таңбаларын (немесе қарапайым нұсқасын) көрсетіп: – «Бұл қандай әріп болуы мүмкін?», «Қазіргі әліпбимен сәйкестендір» деген тапсырмалар берілді. Келесіде әріптер араластырып, кирилл әріптерімен «Сөзді құрастыр» жылдамдық ойыны жүргізілді: қатысушылар «ЯЗЫК» → ЫКЯЗ «ЖАЗУ» → УЗЖА «МӘДЕНИЕТ» → ТЕНДИЕМА сөздерінің дұрысын тапты.
Шара қорытындысында түркологияға ғана қатысты емес, қорқыт ата кітаптарынан бастау алған қазақ тіл біліміне қатысты Р. Сыздықованың, Ы. Мамановтың, Ғ.Қалиевтың кітаптары және қазақ тілінің грамматикасы мен қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, сонымен қатар тарихи шығармалар қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды.
Қалалық орталық кітапхана