
Халықаралық отбасы күні жыл сайын 15 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген бұл мереке отбасылық құндылықтарды нығайтуға, қоғамдағы неке институтын қолдауға және отбасы мәселелеріне назар аударуға бағытталған.
Осы орайда отбасы құндылықтарын насихаттау, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және отбасы мүшелерінің рухани байланысын нығайту мақсатында «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің кітапхана-бөлімшелерінде әртүрлі форматта іс-шаралар өтті.
Атап айтқанда №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері кітапхананың жас оқырмандарының қатысуымен «Кітап және отбасым - менің ең жақын достарым» атты әдеби ойын өткізді.
Кітапхана қызметкері Халықаралық отбасы күні жыл сайын 15 мамырда атап өтілетін дүниежүзілік мереке екендігін, бұл күн отбасылық құндылықтарды нығайтуға, қоғамдағы отбасы рөлін арттыруға және әлеуметтік мәселелерге назар аударуға бағытталғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, бүкіл отбасымен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және әр отбасының өміріндегі кітаптың алатын орны жайлы сөз қозғалды. Кітап адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуында шешуші рөл атқаратыны, ілім мен білімнің сарқылмас қазынасы болып табылатындығы айтылды.
Іс-шара «Кітап деген керемет» атты әдеби ойынмен жалғасты. Оқырмандар «Сұрақ-жауап», «Атақты тұлғаларды табу», «Кім жылдам?», «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Қорапта берілген кітаптардан бірдей кітаптарды табу» сияқты кезеңдерден құралған әдеби ойындарда белсенділік танытты.
Әдеби ойын қорытындысында «Күш - білімде, білім - кітапта» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды.
«Отбасы – құндылық бастауы» атты дөңгелек үстел Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №32 мектептің 3-сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Кітапхана қызметкері шара басында отбасы - адам өміріндегі ең қымбат әрі қасиетті құндылықтардың бірі екенін, әр адамның бойындағы тәрбие, адамгершілік, мейірім мен сыйластық ең алдымен отбасынан бастау алатынын айтты. Сондай-ақ, отбасындағы өзара түсіністік пен қолдау адамға өмірде сенім мен күш беретінін, берекелі отбасы – бақытты қоғамның негізі, сол себепті әр отбасының татулығы мен бірлігі қоғам үшін аса маңызды екенін тілге тиек етті.
Әрі қарай жұмбақтар, кроссвордтар және ойындар ұсынылды. Соның бірі «Молекулалар» ойынында Балалар - «атомдар» - әдемі музыкамен бөлмеде еркін қозғала жүріп, кітапханашы белгі берген жағдайда «атомдар» жұптасып, үш, төрт және бес адамнан тұратын топтарға бөлініп молекулалар құрады. Ойын соңында үлкен шар құрылды.
Шара соңында қатысушылар тілек ағашына тілектерін жазып, отбасы және ата-аналар туралы өлеңдер оқылды.
№12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері №27 мектептің 8 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы құндылықтары» атты тренинг-ойынын өткізді.
Шара басында отбасының құндылықтары махаббат, сыйластық, бірлік, қамқорлық және қоғамдағы рөліне арналған тұсаукесер көрсетілді.
Оқушылар «Мейірім» және «Бірлік» болып екі топқа бөлініп, бірнеше ойындарға қатысты. «Менің отбасым - менің мақтанышым» ойынында оқушылар өз отбасыларын таныстырса, «Кім қандай рөлде?» ойынында отбасы мүшелерінің рөлдерін анықтады (әке - тірек, ана - жылулық, бала - қуаныш, ата-әже - ақылшы), «Отбасы құндылықтарын тап» ойынында негізгі құндылықтарды ажыратты.
Іс-шара соңында кітапханашы отбасы тақырыбына арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Сонымен қатар №2 кітапхана-бөлімшесінде «Отбасы – тәрбие басы» атты отбасы бенефисі, Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Отбасылық қазынаның сандығы» атты пікір алмасу, «Отбасы - бақыт мекені» атты қызықты ақпарат Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде өтті.
Қалалық орталық кітапхана