
Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары, «Отбасы банк» АҚ және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында баспана, абаттандыру, жол жөндеу, әлеуметтік көмек және білім саласына қатысты мәселелерді көтерді.
Қала басшысы қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңды тұрғыда түсіндірді. Және тиісті бөлім басшыларына, нақты тапсырмалар берді.