
Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары, «Отбасы банк» АҚ және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар құрылыс мәселелері, жолдарды жөндеу, абаттандыру, жарықтандыру, су жүйесі, қоғамдық көлік және қоқысқа қатысты мәселелерді көтерді.
Әділет Нұрсағатұлы қабылдауда азаматтардың өтініштерін тыңдап, әр мәселенің шешу жолдарын заң аясында түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтты.