7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Қалалық Мәдениет сарайында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Тәуелсіз елдің қорғаны» мерекелік шарасы өтті.

Кеш барысында Семей қаласы әкімі Әділет Нұрсағатұлы жиналған қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтады.

«Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде еліміздің тыныштығы мен қоғамның қауіпсіздігіне қызмет етіп жүрген сарбаздар мен әскери сала қызметкерлеріне айрықша алғыс білдіремін. Сіздердің жанқиярлық қызметтеріңіз – өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
«Туған жерге туыңды тік» деген даналықты арқау еткен ел жастары Отан алдындағы парызын абыроймен өтеп, елдік мүддені бәрінен биік қоятынына сенеміз», – деді Әділет Нұрсағатұлы өз сөзінде.

Шара аясында ел тыныштығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хаты және қала әкімінің «Құрмет» және Алғыс хаттарымен марапатталды.🎤

Мерекелік кештің соңында эстрада әншісі Қанат Үмбетов, Парасат орденінің иегері Гүлдана Ноғайбаева және Мәдениет сарайының өнерпаздары әнмен әрлеп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.