
№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы, қалалық мәслихат төрағасы Еркен Сағындықов, профессор Зейнолла Тоқаев, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин, сондай-ақ тыл және еңбек ардагерлері қатысты.
Іс-шара барысында қала әкімі ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Бүгінгі бейбіт өмір мен тыныш заманның негізінде – Сіздердің ерліктеріңіз бен жанқияр еңбектеріңіз жатыр. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтіп жатқан бұл мерекелік іс-шара өздеріңізгедеген шынайы құрметіміз бен терең алғысымыздың айғағы. Жүріп өткен өмір жолдарыңыз – Отанға деген адалдықтың, қайсарлық пен төзімділіктің жарқын үлгісі. Көрсеткен ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз өскелең ұрпаққа әрдайым өнеге болып қала бермек. Осы жолда барша ұрпаққа темірқазық жұлдыздай болып тұрасыздар. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық орнасын!», – деді Әділет Нұрсағатұлы.
Кеш соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.