Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» атты марафон өтті

Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» атты марафон өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Семей қаласында «Бірлік жүгірісі» атты жалпықалалық марафон ұйымдастырылды.

Таңғы сағат 08:00-де «Қалалық офицерлер үйі» алаңынан бастау алған 3 шақырымдық жарыс М. Әуезов алаңында мәресіне жетті.

Спорттық іс-шараға 300-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, халықтар арасындағы татулық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті.