Семейде «Спорт терроризмге және экстремизмге қарсы» ұранымен тоғызқұмалақтан Семей қаласының 9, 11, 13 жас санаттары арасында (классика, рапид және блиц) қала чемпионаты өтті

Семейде «Спорт терроризмге және экстремизмге қарсы» ұранымен тоғызқұмалақтан Семей қаласының 9, 11, 13 жас санаттары арасында (классика, рапид және блиц) қала чемпионаты өтті

2026 жылдың 1-3 мамыр аралығында Семей қаласындағы «Әлем» спорт кешенінде 9, 11 және 13 жастағы жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан қала чемпионаты өтті.

«Спорт терроризмге және экстремизмге қарсы» ұранымен ұйымдастырылған додаға қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Қатысушылар классика, рапид және блиц түрлері бойынша өзара шеберлік байқасты.

Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен және медальдармен марапатталды.