Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Халықтар бірлігі күніне арналған «Бірлік жүгірісі» өткізілуіне байланысты, 2026 жылғы 1 мамыр күні сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін № 1, 3, 4, 6, 8, 12, 13, 15, 20, 21, 26, 27, 28, 33, 41, 44, 48, 54, 55, 56, 57, 501 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.

 Негізгі өзгерістер: Автобустар қозғалысы уақытша Титов, Бозтаев, Ертіс (Иртышская), Құнанбай және басқа да іргелес көшелер арқылы айналма жолмен жүзеге асырылады.

 Маршруттар бойынша қысқаша:

* №1, 3, 27, 28 – «Юбилейная» аялдамасынан басталып, Бозтаев және Ертіс көшелері арқылы айналып өтеді

* №6, 13 – «Столовая» аялдамасынан кейін Титов көшесі арқылы жүреді

* №4, 8, 12, 15, 21, 26, 33, 48, 56, 57 – «Селевина» аялдамасынан кейін Бозтаев көшесі арқылы айналып өтеді

  • №20, 44 – «Акку» аялдамасынан кейін Бозтаев көшесі арқылы жүреді
  • * №41 – «Юбилейная» аялдамасынан басталады
  • * №55 – Сорокин, Молдағалиев, Ертіс көшелері арқылы өзгереді
  • * №501 – Титов және Құнанбай көшелері арқылы «401 квартал» аялдамасына дейін
  • * №54 – «401 квартал» аялдамасынан басталады

 Іс-шара аяқталғаннан кейін барлық маршруттар бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша жұмысын жалғастырады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға рахмет!