«Еңбек жолы» республикалық конкурсы

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы

Жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2026 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. Конкурс «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал ететін болады.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті» «Өндірістің үздік жас маманы» «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады. Еңбек әулеті-бір ұйымның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: 1-кезең өңірлік деңгейде өткізіледі:

1) Үздік еңбек әулеттері және жұмыскерлер қалалық және аудандық деңгейлерде айқындалады;

2) тиісті облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздары қалалық және аудандық деңгейлерде үздік еңбек әулеттері және жұмыскерлер арасында айқындалады;

2-кезең республикалық деңгейде тиісті еңбек әулеттерінің жеңімпаздары арасында өткізіледі облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздарын таныстыру үшін бейнероликтер ұсынылады;

2) тиісті облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздарына ұсынылған материалдар зерделенеді.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны мен дағдылары көрсетілген);

4) Қатысушы туралы (жұмыс, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б. туралы) 1-3 минуттық компьютерлік презентация (MicrosoftPowerPoint форматта)

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс берушінің немесе кәсіподақтың ұсыныс хаты. Бар болған жағдайда (төмендегі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, сертификаттардың, алғыс хаттардың, біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмелері (бар болса). Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Конкурсқа қатысушылардың құжаттары «Qamqor.enbek.kz» сайты арқылы қабылданатынын хабарлаймыз.

Қатысу сұрақтары бойынша «Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қозбағаров көшесі 40, 410 кабинетке хабарласуға болады, тел. 56-17-88.