ЖАС САЙЛАУШЫЛЫР АРАСЫНДА «САЙЛАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕШЕНДІ РЕФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ.

ЖАС САЙЛАУШЫЛЫР АРАСЫНДА «САЙЛАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕШЕНДІ РЕФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ»  ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ.

📍 №51 жалпы білім беретін мектепте “Жас сайлаушылар клубының” белсенді жастарының қатысуымен Британ-парламенттік форматтағы дебат турнирі жоғары деңгейде өтті.

🎯 Іс-шараның мақсаты – жастардың сайлау үдерістеріне деген қызығушылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын дамыту және қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша еркін пікір алмасу мәдениетін жетілдіру. Сонымен қатар, жастардың сыни ойлау, шешендік өнер және дәлелді пікір білдіру дағдыларын дамыту көзделді.

🎙 Турнирдің басты тақырыбы — «Сайлау тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді реформаларды қолдау». Қатысушылар “Үкімет” және “Оппозиция” тараптары ретінде өз ұстанымдарын қорғап, маңызды мәселелерді жан-жақты талқылады. Дебат барысында жастар өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізіп, терең талдау жасап, жоғары деңгейдегі шешендік қабілеттерін көрсетті.

💡 Пікірсайыс алаңы қатысушылардың сыни және аналитикалық ойлауын дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жастар қоғамдық маңызы бар тақырыптарға бейжай қарамай, өз азаматтық позицияларын ашық білдірудің маңызын түсінді.

👏 Турнирге қатысқан барлық жас пікірсайысшыларға және ұйымдастырушыларға мазмұнды әрі тартысты ойын үшін алғыс білдіреміз! Осындай зияткерлік кездесулер жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, болашақта ел дамуына бейжай қарамайтын саналы ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.