Бобровка саяжайында сенбілік өтті

Бобровка саяжайында сенбілік өтті

Бобровка саяжайында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді түрде қатысып, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында саяжай аумағындағы тұрмыстық қалдықтар, құрғақ жапырақтар мен басқа да қоқыстар жиналды.

Сенбілікке қатысушылар ортақ іске атсалысып, табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау әр адамның жауапкершілігі екенін көрсетті.