Сол жағалаудың тұрғындары – таза аула үшін

Сол жағалаудың тұрғындары – таза аула үшін

Сол жағалаудағы Юность, Д. Бабатайұлы, Утепбаев көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларында сенбілік ұйымдастырды. Олар қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысуда.

Сенбілік барысында тұрғындар аулаларды қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтірді. Сонымен қатар, тал отырғызып, жасыл желекті көбейтуге үлес қосты. Ағаштардың түбін әктеп, қоршаулар мен орындықтарды сырлады.

Мұндай игі шаралар тек тазалықты сақтауға ғана емес, тұрғындардың өз ауласына деген жауапкершілігін арттырып, көршілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Таза аула – таза қала!