
Семей қаласында 16–19 сәуір аралығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен қалалық турнир ұйымдастырылды.
Жарысқа 40-қа жуық адам қатысты.
Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және спортшылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Жарыс қорытындысы бойынша ерекше қажымас қайрат көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.