Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен қалалық турнир өтті

Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен қалалық турнир өтті

Семей қаласында 16–19 сәуір аралығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен қалалық турнир ұйымдастырылды.

Жарысқа 40-қа жуық адам қатысты.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және спортшылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Жарыс қорытындысы бойынша ерекше қажымас қайрат көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.