Семейде Әуесқой баскетбол лигасының ашылу салтанаты өтті

Семейде Әуесқой баскетбол лигасының ашылу салтанаты өтті

Қала әкімдігінің қолдауымен «Абай Арена» кешенінде қалалық Әуесқой баскетбол лигасының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара еліміздегі баскетболдың 100 жылдық тарихына арналды.

Биылғы маусымда 9 ерлер және 7 әйелдер командасы бақ сынайды. Лига жыл бойы 4 кезеңнен тұрады, оның қорытындысы бойынша қаланың ең үздік командасы анықталады.

Салтанатты жиын барысында өңірдегі баскетболдың дамуына үлес қосқан спорт ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Кештің басты оқиғасы – «RBK Bank» пен «Semey Tigers» командалары арасындағы тартысты матч болды.