Атом жарылысының зардабы

Атом жарылысының зардабы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері №30 орта мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен Чернобыль АЭС-ның апатына 40 жыл толуына арналған «Атом жарылысының зардабы» атты еске алу кешін өткізді.

Іс-шараға Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысушы ардагер Советқазы Бекенұлы Қайсанов қатысты.

Кітапхана қызметкері Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың себептері мен зардаптары туралы кеңінен баяндап, оның адам өміріне, қоршаған ортаға тигізген орасан зиянына тоқталды. Сонымен қатар, апат салдарын жоюға қатысқан қазақстандық азаматтардың ерлігін  атап өтті.

Шара қонағы Советқазы Бекенұлы Қайсанов, өз сөзінде Чернобыль апаты бүкіл адамзат үшін үлкен сынақ болғанын айтып, сол бір ауыр кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі мен жанқиярлығын тілге тиек етіп, жас ұрпақты денсаулықтарын сақтауға, қоршаған ортаны аялауға және бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды.

Әрі қарай, оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, тарихи деректермен бөлісті. Сонымен қатар, апаттың салдары туралы бейнематериал көрсетіліп, өз ойларын ортаға салып, экология, бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігі туралы пікірлерін білдірді.

Кеш соңында «Атом жарылысының зардабы» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды..

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана