Еріктілер - ізгі қоғам айнасы

Еріктілер - ізгі қоғам айнасы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық еріктілер жылы аясында «Еріктілер - ізгі қоғам айнасы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға қаладағы волонтерлік ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, сондай-ақ ерікті оқушылар қатысты.

Кітапхана қызметкері жақсылық жасау мен адамдарға көмек көрсету біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі екенін айтып, он сақтап жүрудің маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар, мұқтаждарға қолдау көрсетуге деген ұмтылыс адамның бойына туғаннан бері дарыған қасиет екенін жеткізді.

Іс-шара барысында Семей қаласы еріктілер фронт-офисінің жетекшісі Талшын Жаманкулова Қазақстан Республикасының бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялағанын, ұсынысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жалпы саяси пікірталастары барысында ұсынғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ЮНИСЕФ еріктілер қауымдастығының өкілі Мұратхан Ерсін Мадияр «Асар» дәстүрінің маңыздылығын,, оның ғасырлар бойы адамдарды біріктіріп келе жатқанын және бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағанын, еріктілік қызметінің басты мақсаты – қоғамды біріктіру және адамдарға қызмет ету екенін атап өтті.

Медициналық университет жанындағы «КАЗМЕД» еріктілер ұйымының жетекшісі Сернат Калиев ұйымның балалар үйлерімен және әлеуметтік орталықтармен белсенді ынтымақтастық орнатып, оларға жан-жақты көмек көрсетіп келе жатқанын хабарлады.

Абай облысы бойынша жоғалған адамдарды іздеу еріктілер қозғалысының жетекшісі Зерде Жарқынқызы, жоғалған азаматтарды іздеуде жедел әрекет ету мен қоғамның бейжай қарамауының маңыздылығын айтып, өз жұмысындағы тәжірибесімен бөлісті.

Шара жалғасында Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының еріктілер тобы  еріктілер ұйымдарына қосылу жолдары, көмекке жүгіну тәсілдері, қалалық еріктілер штабтарының қызметі және олардың әлеуметтік желілердегі белсенділігіне қатысты бірнеше сұрақтар қойды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар «Жақсылығың қайтар өзіңе» атты бейнеролик тамашалап, пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана