
2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғандығын хабарлаймыз.
Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Байқау жыл сайын келесі номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін». Байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.
Байқаудың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады. Байқауға қатысушылардың құжаттары https://hr.enbek.kz сайты арқылы қабылданады.
Аталған іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, қала кәсіпкерлерін «Парыз-2026» конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз.
Байқау туралы толық ақпаратты «Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен келесі мекенжай бойынша алуға болады: Қозбағаров көшесі, 40-үй, 410-кабинет, тел.: 56-17-88.