
Рустам Ерболұлы Айткулов 1985 жылы Павлодар облысы, Май ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, ал 2023 жылы Әлихан Бөкейхан университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалында экономист болып бастаған. 2004–2008 жылдары «Квант» ЖШС сату менеджері болып қызмет атқарған.
2008–2009 жылдары Ақсу қаласындағы Мәдениет және демалыс паркінің директоры болған. 2009–2010 жылдары «Горкомхоз Ақсу» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған. 2010 жылы «Тим-Баг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бригадир болып жұмыс істеген.
2010–2013 жылдары «Фаворит-ПВ» ЖШС атқарушы директоры, 2013–2015 жылдары «ARG Group LTD» ЖШС құрылыс жөніндегі директор қызметін Астана қаласында атқарған. 2015–2017 жылдары «Riza-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарған. 2017–2022 жылдары «TimStroy 2017» ЖШС бас директоры қызметін Астана қаласында атқарған.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ТҮКШ бөлімде сектор меңгерушісі болып қызмет етті.
2026 жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.