Көктемнің басты мерекесі

Көктемнің басты мерекесі

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Наурыз мейрамы аясында «Көктемнің басты мерекесі» атты әдеби қонақжай өткізді.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл мереке шығыс халықтарында ежелгі заманнан бері тойланып келе жатқанын және адамның табиғатпен бірлігін бейнелейтінін атап өтті.

Кеш барысында кітапхана оқырманы М.Мурзабаева қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы әңгімелеп, Наурыздың басталуын және тазалықты білдіретін «Аластау» рәсімін жасады.

Сонымен қатар, «Ертіс толқындары» ансамблінің өнерпаздары көктем, ізгілік, туған жерге деген махаббат туралы өлең айтып,  қазақ халық әндерін орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Іс-шара соңында «Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.