
Наурыз мерекесі қарсаңында қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы арнайы мамандандырылған балалар үйіне арнайы барып, мекеменің жұмыс барысымен танысты. Бүлдіршіндер мен қызметкерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады.
Аталған мекемеде 0 жастан бастап 3–4 жасқа дейінгі барлығы 60 бала бар. Оның ішінде 29 бала тұрақты тәрбиеде болса, 31 бала күндізгі бөлімде тәрбиеленіп жатыр.
Балалардың толыққанды ем алып, тәрбиеленуі мен оңалту шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында мекемеде білікті мамандар қызмет атқарады. Атап айтқанда, педиатрлар, балалар невропатологы, реабилитолог, психолог, логопедтер, дефектолог, массаж мамандары, сондай-ақ ЛФК және АФК нұсқаушылары жұмыс істейді. Сонымен қатар балалардың денсаулығын нығайту және емдеу шараларын тиімді жүргізу үшін мекемеде тұзды шахта да ашылған.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Өз кезегінде қала әкімі атынан балаларға сыйлықтар мен тәттілер табысталды.