
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №2 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері №35 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы аясында 17 наурыз - Шаңырақ күніне арналған «Наурыз – ата-баба тарихы» атты этнографиялық кеш өткізді.
Кеш басында кітапхана қызметкері Наурыз мейрамының шығу тарихына тоқталып, бұл күн табиғаттың оянуы, күн мен түннің теңелуін бейнелейтін жыл басы екенін атап өтті. Сонымен қатар, Шаңырақ күнінің мән-мағынасы түсіндіріліп, қатысушылар қазақтың бай салт-дәстүрлерімен танысты.
Іс-шараның құрметті қонағы ретінде шақырылған үлгілі Жылқайдаровтар отбасы шаңырақ берекесі, қамқорлық пен жауапкершілік, сондай-ақ отбасының қоғамның негізі, қайнар көзі ретіндегі рөлі туралы айтып, отбасылық өмірдегі қуанышты сәттерімен бөлісті.
Мерекелік шара барысында қатысушылар ән шырқап, өлеңдер оқып, ұлттық ойындарға белсене қатысты.
Кеш соңында қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм ұсынылып, Наурыз мейрамына арналған арнайы кітап көрмесіне әдеби шолу жасалды.
Қалалық орталық кітапхана