Семей әкімдігінде тексеру комиссиясының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Семей әкімдігінде тексеру комиссиясының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Семей қаласы әкімдігінде Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Нариман Таушов және Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – қатысушыларға өз пікірлерін ашық білдіруге, өзара тәжірибе алмасуға және ортақ, тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасау болды.

Жиын барысында қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік мекемелердегі есеп-қисап жүргізу мен басқару тиімділігін арттыру мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары жан-жақты талқыланды.

Қатысушылар аталған бағыттар бойынша ұсыныстарын ортаға салып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарын айқындады.