Наурыздың ғасырлық дәстүрлері

Наурыздың ғасырлық дәстүрлері

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Медицина университеті мен Д.Қалматаев атындағы Медицина колледжінің 4 курс студенттерінің қатысуымен Наурыз мейрамы аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған «Наурыздың ғасырлық дәстүрлері» атты мерекелік кеш өткізді.

Іс-шараға Медицина университетінің оқытушылары К.Ш.Амренова, С.Б. Кайдарова, Г.К. Абаева, Г.М. Амангалиева, А.С. Ракымғазиева, А.Т. Қыйлыбаева, сондай-ақ кітапхана оқырмандары А. Қаржасова, М Даркенбаева, К. Орыспаева, Б. Шошаева қатысты.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері қатысушыларды Наурыз мерекесінің тарихымен таныстырып, шығу тегі мен ерекшеліктері туралы айтып, сондай-ақ осы мерекеге байланысты халықтық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, Наурыз мерекесін Қазақстанның барлық халықтарының өкілдері атап өтетіні, мейрам қаншалақты кең көлемде тойланса, жыл да берекелі болады деген сенім бары тілге тиек етілді.

Мерекелік кеш жалғасында кітапхана оқырмандары отбасылық дәстүрлерімен бөлісіп, ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдерінің ерекшеліктері және қазақтың киіз үй жабдықтары туралы әңгімеледі.

Медицина университетінің студенттері «Шашу» және «Сырға салу» рәсімдерін көрсетіп, Бекарыс Тоқанов гитарамен «Өмір өзен» әнін шырқаса, колледж студенттері «Мереке» әнін орындап қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шарада қатысушыларға қазақтың ұлттық тағамдары наурыз көже, бауырсақ пен тәттілер ұсынылып, «Наурызнама» және «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты кітап көрмесіне ұсынылған әдебиттерге библиографиялық шолу жасалды.

                                                                                                      

 

Қалалық орталық кітапхана