Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан №479 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғындар саны көп. Қала тұрғындары отбасыларымен келіп, маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысуда.
Учаскеде іскерлік әрі көтеріңкі көңіл күй қалыптасқан, дауыс беру ұйымдасқан түрде өтуде.
Еске сала кетейік, сайлау учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.