
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері №8 мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы аясында 15 наурыз - Қайырымдылық күніне арналған «Наурыз – қуаныш пен шаттық мерекесі» атты тақырыптық кеш өткізді.
Іс-шара басында кітапханашы оқушыларға Наурызды мерекелеудің тарихы мен дәстүрлері туралы әңгімелеп, сондай-ақ 15 наурыз - Қайырымдылық күні екенін атап өтті. Қайырымдылық - қоғамды біріктіретін маңызды құндылық болып табылатынын және бұл күнді тойлау Ұлы Даланың ежелгі дәстүрлерін жалғастыруда екені, сондай-ақ бұл күн көршілермен жақсы қарым-қатынаспен адамдарға қамқорлық жасаудан басталатынын тілге тиек етті.
Әрі қарай құттықтау сөздермен «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Наурыз құт-береке, молшылық әкелсін!» деген тілектер айтылып, қуаныш пен амандықты бейнелейтін «Шашу» дәстүрі жасалды.
Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрлері таныстырылып, тақырыптық викторина өткізілді.
Шара жалғасында оқушылар Наурыз мерекесіне арналған өлеңдер оқып, «Наурыз көктем» әнін бірге орындап, «Қара жорға» ұлттық биін биледі, сонымен қатар қазақтың «Сақина салу», «Асық ату» және т.б. ұлттық ойындарына белсене қатысты.
Іс-шара соңында оқырмандар назарына «Қош келдің, Әз-Наурыз!» көрме-инсталияциясы ұсынылып, әдбиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
Қалалық орталық кітапхана