Ұлттық мұра - ұрпаққа аманат

Ұлттық мұра - ұрпаққа аманат

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы аясында Көрісу күні – Амал мерекесіне арналған «Ұлттық мұра - ұрпаққа аманат» тақырыбында мерекелік кеш өткізді.

Шараға «Ертіс», «Дарын», «Метеор», «Мирный» аула клуб мүшелері мен Белсенді өмір сүру орталығының қызмет алушылары қатысты.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері қатысушыларды Наурыз мейрамы мен Көрісу күнінің тарихы және маңызымен таныстырып, тақырыпқа сай тұсаукесер ұсынды. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің тарихы, оның түрлері мен қазіргі қоғамдағы маңызы туралы мазмұнды ақпарат берілді.

Кеш барысында клуб мүшелері халық әндерін орындап, өлеңдер оқып, би билеп қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

 Шара соңында қатысушылар назарына сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды.

 

 

Қалалық орталық кітапхана