
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Халықаралық еріктілер жылына арналған «Ерікті болу – сәнді, қызықты және пайдалы» тақырыбында әңгіме-диалог өткізді.
Шараға Назерке Сержанқызы Хамитованың жетекшілігімен Электротехника колледжінің ерікті студенттері «Ашық жүрек» клубының мүшелері Инабат Даулетбаева, Нұрай Нұрлан, Бекнұр Мукашев және Али Бабаханов пен кітапхана оқырмандары қатысты.
Әңгіме-диалог басында кітапхана қызметкері еріктілік (волонтёрлік) ұғымымен таныстырып, оның негізгі бағыттары мен қазіргі қоғамдағы рөлі туралы айтып, еріктілік қызметтің артықшылықтарына тоқталды. Оның ішінде: қарым-қатынасты кеңейту мүмкіндігі, өмірлік және әлеуметтік тәжірибе жинау, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ басқаларға көмек көрсету арқылы моральдық қанағат алу сияқты артықшылықтарын атап өтті.
Әрі қарай қала жастары бірнеше жылдан бері белсенді түрде еріктілік қызметімен айналысып келе жатқандарын айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Еріктілік қызметі қоғамға қандай пайда әкеледі?», «Әсіресе қай жағдайларда адамдарға көмек қажет?», «Еріктілік – бұл сән бе, әлде азаматтық борыш па?» деген сұрақтарға жауап беріп, қатысушыларға тәжірибелік кеңестер ұсынды.
Қалалық орталық кітапхана