
Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 16 азамат келді.
Кездесуге қала әкімдігінің бөлім басшылары, «Отбасы банк» АҚ және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Азаматтар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, аумақтарды абаттандыру, жылу, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, жол инфрақұрылымы, жер, құрылыс және қоқыс контейнерлері жайлы бірқатар мәселелер көтерілді.
Әр тұрғынның өтініштері бойынша түсіндірме беріліп, қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.