Әкімдік отырысында аяз кезіндегі қауіпсіздік шаралары талқыланды

Әкімдік отырысында аяз кезіндегі қауіпсіздік шаралары талқыланды

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, коммуналдық қызмет басшылары мен инспекторлар қатысты.

Отырыс барысында алдағы аязды кезеңге дайындық барысы пысықталды. Қар шығару және көшелердің тазалығы, төтенше жағдайлардың алдын алу, өзен арналарының жай-күйі мәселелері қаралды.

«Осы аптада Семей қаласында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Қатты аяз – ең алдымен коммуналдық жүйелерге түсетін жүктеменің артуы деген сөз. Мұндай кезеңде біздің жұмысымыз нақты, жедел әрі үйлесімді болуы тиіс», – деді қала басшысы.

Бүгінде қала әкімдігі Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп 2026 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.

Сонымен қатар Әділет Нұрсағатұлы дербес бөлім және коммуналдық қызмет басшыларына жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.